02.06.2014, 20:44 15498

"Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы жыл соңына дейін 150 мың адамды жұмыспен қамтиды - Т.Дүйсенова

"Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы жыл соңына дейін 150 мың адамды жұмыспен қамтиды - Т.Дүйсенова

Алматы. 2 маусым. Kazakhstan today. 2014 жылдың соңына дейін "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы арқылы өзін өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар, жұмыссыздар мен әлеуметтік аз қамтылған азаматтардың 150 мыңы жұмысқа тұрады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасының іске асырылу барысы туралы брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

"Бірінші бағыт аясында біз биыл облыс әкімдіктерімен өзін өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар, жұмыссыздар мен әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды жұмысқа орналастыру бағдарламасына қатысатындардың нақты санын анықтадық, олардың саны 154 мың болмақ", - дейді министр.

Оның айтуынша, бағдарлама бойынша жаңа жұмыс орындары ашылмайды.

"Біздің бағдарлама халық арасындағы мақсатты топтың жұмысқа орналасуын қарастырады. Олар мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша құрылған жаңа жұмыс орындарына жұмысқа тұрмақ. Сонымен қатар, өз кәсіпкерліктерін ашуға ниетті жандарға да қолдау көрсетеді. Сол себепті индикаторлар қазірде әкімдіктердің келісімін алады. Бүгінде жергілікті атқарушы билік индикаторлар аясында Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыруда", - дейді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны