01.12.2012, 17:33 3642

"ZIBROO" қазақстандық спорттық киімдер сауда белгісі бар "КазСПО-N" компаниясы халықаралық деңгейге шықпақ

ҚР ИЖТМ "Kaznex Invest" экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінің қаржылай қолдауымен Мәскеу қаласында өткен "Шаңғы салоны 2012" көрмесіндегі соңғы коллекция көрсетілімі ресейлік және еуропалық сатып алушылар назарын өзіне аударды.

Алматы. 1-желтоқсан. Kazakhstan Today - "ZIBROO" қазақстандық спорттық киімдер сауда белгісі бар "КазСПО-N" компаниясы халықаралық деңгейге шықпақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ИЖТМ "Kaznex Invest" экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінің қаржылай қолдауымен Мәскеу қаласында өткен "Шаңғы салоны 2012" көрмесіндегі соңғы коллекция көрсетілімі ресейлік және еуропалық сатып алушылар назарын өзіне аударды.

Алматылық өндірушілердің бұл киімдері аустриялық "Серфаус-Фисс-Ладис" компаниясының басшысы тарапынан жоғары баға алды: фирма қазақстандық серіктесімен бірлесіп тау шаңғысы киімінің жаңа коллекциясын шығаруды және 2013 жылы сәуір айында оны нарыққа ұсынуды жоспарлауда. Одан бөлек, "ZIBROO" бренді "Серфаус-Фисс-Ладистің" дүкендер желісінде және Альпі баурайларындағы шаңғы киім-кешегін жалға беру пункттерінде пайда болмақ.

2013 жылы "КазСПО-N" компаниясы келісімшарт жасасқан тағы бір аустриялық WODL SEILBAHNEN компаниясымен ынтымақастығын бастайды.

Бірқатар ресейлік компаниялар қазақстандық кәсіпорынға шаңғы костюмдерін тігуге тапсырыс ұсынуға ниет білдірді. Бұлар - Мәскеудегі Шаңғы киім-кешегі орталығы, Ресей соңырауларының тау шаңғысы спорты және сноуборд федерациясы, Түмендегі "Экип-центр", сондай-ақ, Ресей құрамасын киім-кешекпен жабдықтау бойынша ресми өкіл болып табылатын Мәскеудегі Ресей тау шаңғысы спорты және сноуборд федерациясының Сауда үйі.

Франция мен Украинаның сатып алушыларымен келіссөздер жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны