23.04.2018, 19:38 11015

Зиянды өндіріс орындары Алматы қаласынан тысқары шығарылады

"Инновациялық экожүйе және қаладағы орта" тақырыбында өткен дөӊгелек үстел барысында хабарланғандай, Алматы қаласын дамыту жөніндегі бас жоспарға сәйес қала орталығындағы өз аумақтарын тиімді пайдаланбайтын, экологиялық ортаға зиян келтіретін және техногендік апат қатерін тудыратын кәсіпорындар қала аумағынан тысқары жерлерге шығарылады

Алматы. 22 сәуір. KazakhstanToday - Зиянды өндіріс орындары Алматы қаласынан тысқары шығарылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Инновациялық экожүйе және қаладағы орта" тақырыбында өткен дөӊгелек үстел барысында хабарланғандай, Алматы қаласын дамыту жөніндегі бас жоспарға сәйес қала орталығындағы өз аумақтарын тиімді пайдаланбайтын, экологиялық ортаға зиян келтіретін және техногендік апат қатерін тудыратын кәсіпорындар қала аумағынан тысқары жерлерге шығарылады, деп хабарлайды "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ-ныӊ сайты.

Дәл қандай зауыттардыӊ мекен алмастыратынын туралы ақпарат әзірге белгісіз. Кезектіӊ алдында қазір құлдырауға ұшырап қаӊырап жатқан кеӊестік кезеӊдегі алып кәсіпорындар тұр. Босаған аумақтарды билік әлеуметтік салаға - тұрғын үйлер, ауруханадар, мектептер мен балабақшалар салуға беретін болады. Мәселен, балабақшалар бойынша Алматыда ахуалдыӊ нашар екені баршаға мәлім, қала бойынша мектепке дейінгі білім орындарымен қамту деӊгейі небәрі 70 пайызды құрайды.

Бизнеске балама ретінде Индустриялық аймақ пен "Алатау" АТП ЕЭА аумағы ұсынылуда. Бюджеттіӊ есебінен жеткізілген инфрақұрылымы бар және салықтық жеӊілдіктер жасалатын бұл алаӊдар кәсіпкерлікпен шұғылдануға барынша ыӊғайлы деп танылуда.

Бұған қоса таяу жылдарда Алматыда жер салығыныӊ мөлшерлемесі қайтадан қараладыдеп күтілуде. Бұл да бизнес үшін өз өндіріс орындарыныӊ орнын алмастыруға итермелейтін тағы бір себеп болмақшы.

"Илеуметтік бағдары бар саламен салыстырғанда өндіріске арналған аумақтар мен коммерциялық сипаттағы аумақтардыӊ құны бірнеше есе жоғары болмақ. Мұныӊ сыртында бұған дейін "Алматы қала құрылысы кеӊесі" атты консультативтік-кеӊес органы болғаны мәлім. Қала үшін концепциялық тұрғыдан қызғылықты ұсыныс бар болған жағдайда инвестор әлгі қалалық кеӊесте оныӊ маӊызын түсіндіріп, кеӊесті иландыра алса, кеӊес жобаныӊ жобалық-сметалық құжаттамасын өзгерте алатын. Ал өткен айда DoingBusiness шеӊберіндегі заӊнамалық өзгерістер аясында қала құрылысы кеӊесі таратылды. Демек, ендігі жерде шешім қабылдаудыӊ мұндай құралы жоқ. Тиісінше, жобаныӊ жобалық-сметалық құжаттамасын өзгерту үшін қоғамдық тыӊдаудан өту керек болады. Сондықтан бизнес үшін қазір Бас жоспарла деген не және оныӊ салдары жайлы біліп түсіну аса маӊызды", - деді "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ-ныӊ басқарма төрайымы Жанна Төлегенова.

Іскерлік орта өкілдеріне сондай-ақ мегаполисте алдағы уақытта құрылыс салуға негіз болатын жаӊа мастар-жоспар жасалып жатқаны жайлы хабарланды.

"Концепт-жоспар дизайны тамызда дайын болады, оны біз күзде жұртшылықтыӊ талқысына шығарамыз", - деді Жанна Төлегенова.

Алматы әкімініӊ орынбасары Алмас Мәдиевтіӊ төрағалығымен өткен дөӊгелек үстел жиынына Ақпаратттық технологиялар паркі, Индустриялық аймақ өкілдері, Іскерлік және қоғамдық кеӊестіӊ мүшелері, кәсіпкерлер, ЖОО өкілдері, Бағдарламалық жасақтамалар мен қосымшаларды жасаушылар қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны