30.07.2026, 13:38 61351
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада "Болашақ ойындары - 2026" халықаралық турнирін ашты
Сурет: Akorda
Достарға айту
Бүгін Қазақстанның елордасында дәстүрлі спорт пен кибер нысанды біріктірген "Болашақ ойындары - 2026" халықаралық турнирінің ресми ашылу рәсімі өтті.
Жарысқа әлемнің 34 елінен 800-ден астам спортшы қатысуда.
Турнирдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ойындардың спорт пен интеллект үйлесімін бейнелейтінін, физикалық және цифрлық әлемді тоғыстырып, халықтар арасындағы достық көпіріне айналатынын атап өтті.
"Болашақ ойындары" - оған қатысушылар алдымен виртуалды форматта, кейіннен нақты спорт алаңында бақ сынайтын халықаралық фиджитал спорт турнирі.
Турнир Астанада 9 тамызға дейін жалғасын тауып, осы уақыт ішінде спортшылар шынайы және виртуалды жарыстарды біріктіретін фиджитал жарысында жүлделерді сарапқа салады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
01.09.2026, 10:55 11936
Бішкекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды
Сурет: world_nomad_games
Достарға айту
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімі "Бішкек Арена" стадионында өтті. Іс-шараға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
Ойындарға 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы жиналды. Қазақстан атынан 150-ден астам спортшы қатысып, қазақ халқының ұлттық спорт түрлерін қоса алғанда, барлық 43 жарыс бойынша бақ сынайды.
Жарыстар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанның Ыстықкөл облысында өтеді.
Келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазанда өткізіледі деп жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.08.2026, 15:30 13806
SHUBAT FEST-2026 Ақтауда 15 мыңнан астам қонақтың басын косты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ақтауда өткен SHUBAT FEST-2026 республикалық фестивалінде үздік шұбат анықталды. Іс-шараға 15 мыңнан астам қала тұрғындары мен қонақтар қатысты.
Байқауға төрт облыстан келген өндірушілер қатысты. 83 өтінімнің ішінен іріктеу мен зертханалық зерттеулерден кейін 20 қатысушы финалға жіберілді. Гран-при Жаңаөзеннің "Бірлік" шаруа қожалығына бұйырып, жеңімпазға GWM Poer автокөлігі сыйға тартылды.
Фестивальде сондай-ақ түйе сүтінен жасалған құрт, балқаймақ, тіскебасар, кофе, балмұздақ пен коктейль сусындары ұсынылды. Үздік өнімдердің кейбірін фестиваль қонақтары таңдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.08.2026, 20:10 20046
Құрылтай сайлауы: қазақстандықтар қалай дауыс берді
Сурет: ӨКҚ
Достарға айту
23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы парламент - Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтті. 145 мандат үшін жеті саяси партиядан 545 кандидат бақ сынады.
Дауыс беруге түрлі санаттағы қазақстандықтар - жастар мен зейнеткерлер, тұтас отбасылар, спортшылар, әртістер және басқа да танымал тұлғалар келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, саясаткерлер, министрлер және өзге де мемлекет қайраткерлері өз таңдауларын жасаған болатын.
Кейбір сайлаушылар сайлау учаскелеріне ерекше костюмдермен келді. Мәселен, Алматыда сайлауға Одиссей мен Пенелопа келді - Жарас Наурызбаев пен Наргиз Лесбекова ежелгі грек эпосының кейіпкерлерінің бейнесіне енді.
Сол жерде "Месси" мен "Роналду" да бой көрсетті. Футбол жұлдыздарының бойтұмар костюмдерін киген екі дос дауыс берер алдында тіпті доппен шағын жаттығу жасап үлгерді.
Мәнерлеп сырғанаудан 2026 жылғы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров та өз таңдауын жасады.
Өңірлерде қазақстандықтар отбасыларымен бірге дауыс беруге келіп, ұлттық киімдер мен ерекше костюмдер киді. Сайлау учаскелерінде алғаш рет дауыс берген жастардан бастап егде жастағы сайлаушыларға дейін әртүрлі буын өкілдерін кездестіруге болды.
Президент және зейнеткерлер, министрлер мен Олимпиада чемпиондары, жастар мен отбасылар - Құрылтайдың алғашқы сайлауы осындай жарқын сәттермен есте қалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.08.2026, 20:50 26681
Астанада әлемдік муайтай жұлдыздары шеберлік сабағын өткізуде
Достарға айту
Астанада 20-21 тамыз күндері әлемге әйгілі муайтай шеберлерінің қатысуымен шеберлік сабағы өтуде. Шеберлік сабағының басты қонағы - аты аңызға айналған тай спортшысы Буакав Банчамек. Ол қазақстандық спортшылар, жаттықтырушылар және муайтай әуесқойлары үшін жаттығулар өткізіп, тәжірибесімен бөліседі.
Снымен бірге шеберлік сабағына Million Horsepower лақап атымен танымал тай боксшысы Нуэнгланлек Джитмуангнон және Snow Leopard лақап атымен танымал Мэри Руумет қатысда. Кездесу Қазақ ұлттық спорт университетінің (KNUS) базасында өтуде.
Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров мұндай деңгейдегі муайтай жұлдыздарының Астанаға алғаш рет келгенін атап өтті. Оның айтуынша, шеберлік сабағы жас спортшыларға танымал жекпе-жек шеберлерімен тікелей тілдесіп, қосымша мотивация алуға мүмкіндік береді.
Таиландтың Қазақстандағы елшісі Пияпин Нийомреркс мұндай іс-шаралар спорттық байланыстарды дамытуға және екі ел халықтарын жақындастыруға ықпал ететінін атап өтті. Шеберлік сабағы сондай-ақ муайтайды кеңінен насихаттауға және Қазақстан мен Таиландтың спорт және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.08.2026, 12:29 45246
Comic Con Astana елордада поп-мәдениет жанкүйерлерінің басын қосты
Достарға айту
Астанада 6-9 тамыз аралығында Barys Arena мен "Алау" мұз сарайында өтеді деп жоспарланған Comic Con фестивалі басталды.
Фестиваль кино, телехикаялар, аниме, комикстер, бейнеойындар мен косплей жанкүйерлерінің басын қосты. Бағдарламада жұлдыздармен кездесу, қолтаңба тарату және фотосессиялар, ойын аймақтары ұйымдастырылып, әртістер өнер көрсетеді деп күтілуде. Сондай-ақ, жүлде қоры 20 млн теңгені құрайтын ауқымды косплей байқау өтеді.
Comic Con Astana фестивалінің басты қонақтары қатарында Николай Костер-Вальдау ("Тақтар ойыны"), Пол Андерсон ("Өткір күнқағарлар"), One Piece телехикаясының жұлдыздары Иньяки Годой мен Таз Скайлар, сондай-ақ Kandis K-pop тобы бар.
Елордадағы поп-мәдениеттің ең ауқымды фестивальдерінің бірі қалай өтіп жатқанын Kazakhstan Today фоторепортажынан тамашалай аласыздар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.08.2026, 14:09 48286
Астанада алғаш рет жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі ұшырылды
Сурет: Минтранс РК
Достарға айту
Астанада жолаушы мінген EH216-S ұшқышсыз әуе кемесінің тарихи демонстрациялық ұшуы өтті, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тік ұшып-қонып, электр қуатымен қозғалатын (eVTOL) сериялық әуе аппараты "Future Games 2026" халықаралық турнирі аясында елордадағы арнайы рұқсат етілген аумақта сынақ ұшуын орындады.
"Бұл - Қазақстан тарихындағы жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесінің алғашқы демонстрациялық ұшуы",- деп атап өтті министрліктен.
Іс-шараға қатысушылар ұшқышсыз әуе жүйелерінің нақты жағдайда қолданылу мүмкіндіктерімен танысты. Әуе кемесі екі жолаушыны тасымалдауға арналған. Оның ең жоғары жылдамдығы сағатына 130 шақырымды құрайды, ал ұшу қашықтығы 35 шақырымға дейін жетеді.
Алғашқы кезеңде Қазақстанның табиғи, мәдени және тарихи көрікті жеалғаш рет рлері үстімен ұзақтығы 5-30 минут болатын демонстрациялық және туристік бағыттарды іске қосу жоспарланып отыр. Болашақта мұндай ұшқышсыз жолаушылар әуе жүйелері қолданыстағы көлік түрлерін толықтырып, еліміздің заманауи көлік инфрақұрылымының бір бөлігіне айналады.
Жоба ұшқышсыз әуе жүйелерін түрлі салада пайдалануды көздейді. Атап айтқанда, оларды шұғыл медициналық көмек көрсетуге, дәрі-дәрмек жеткізуге, өрт сөндіру жұмыстарына, логистикаға және жедел әрекет етуді қажет ететін басқа да бағыттарға қолдану жоспарланған.
Сонымен қатар, жоба аясында Қазақстанда жолаушыларға арналған ұшқышсыз әуе жүйелерінің өндірісін кезең-кезеңімен өзімізде өндіру көзделіп отыр. Бұл жоғары технологиялы машина жасау саласын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Көлік министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қалалық әуе мобильдігін дамыту үшін қажетті құқықтық және инфрақұрылымдық негізді қалыптастыру жұмыстарын жүргізуде. eVTOL әуе кемелерін пайдалану, вертипорттардың қызметі және ұшқышсыз әуе қозғалысын басқару жүйесіне қатысты заңнамалық өзгерістер қабылданды. Бұл жаңа технологияларды Қазақстанның көлік жүйесіне қауіпсіз енгізуге қажетті жағдай жасайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.07.2026, 15:49 78051
Бұқтырма: таулар мен сулар тоғысқан мекен
Достарға айту
Бұқтырма су қоймасы Алтайдың асқақ тауларын, қалың қарағайлы ормандарын және ұлан-ғайыр су айдынын тоғыстыратын ерекше мекен. Жаз мезгілінде мұнда балық аулап, қайықпен серуендеуге, жағажайда демалуға және бірнеше күнге қаланың қарбаласынан қашып мыңдаған адам келеді.
1960 жылы Ертіс өзеніндегі Бұқтырма су электр станциясының салынуына байланысты салынған су қоймасы бүгінде Қазақстандағы ғана емес, әлемдегі ең ірі жасанды су айдындарының бірі болып саналады. Оның аумағы шамамен 5490 шаршы шақырымды құрап, ұзындығы 425 шақырымнан, ал ең үлкен ені 35 шақырымнан асады. Сондықтан да Бұқтырманы көбіне "Қазақстан теңізі" деп те атайды.
Жағалау бойында ондаған демалыс базасы, құмды және қиыршық тасты жағажайлар, көркем шығанақтар мен қылқан жапырақты ормандар орналасқан. Маусымның қызған шағында мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелден мыңдаған турист келеді. Бірі судағы белсенді демалысты таңдаса, енді бірі балық аулап, жаяу серуендеп немесе Шығыс Қазақстанның таулы табиғаты сыйлайтын тыныштықты аңсап келеді.
Бұқтырма - Алтай табиғаты шексіз су айдынымен тоғысқан, ал әрбір күннің батуы оны еліміздің ең көркем өңірлерінің біріне айналдыратын ерекше орын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.07.2026, 12:23 75066
Данангтағы DIFF 2026: Азиядағы ең ірі отшашу фестивалі аяқталды
Сурет: vietnam.vn
Достарға айту
Вьетнамның Дананг қаласында 30 мамыр мен 11 шілде аралығында өткен DIFF 2026 халықаралық отшашу фестивалі өз мәресіне жетті. Биылғы фестивальге Азия, Еуропа және Аустралия елдерінен келген 10 команда қатысты.
Фестивальдің бас жүлдесін Португалияның Macedos Pirotecnia командасы қанжыласа, Қытайдың Jiangxi Yangfeng Art Display ұжымы екінші орынды иеленген.
"Көкжиектерді тоғыстыру" тақырыбымен өткен финалдық шоу 40 минуттан астам уақытқа созылып, көрермендерге мыңдаған отшашу сыйлап, кеш қонақтары жарық каскадтарды, кометаларды, сфералық отшашуларды, әуе эффектілері мен музыка ырғағына синхрондалған басқа да пиротехникалық көріністерді тамашалады.
Әрбір байқау бағдарламасы шамамен 20 минутқа созылды. Ал, алты жарыс кешінен тұрған DIFF 2026 маусымын ұйымдастырушылар фестиваль тарихындағы ең ауқымды әрі ең жоғары деңгейде өткен маусым деп атады.
Назарларыңызға Дананг қаласында өткен DIFF 2026 халықаралық отшашу фестивалінің финалдық кешінен әзірленген фоторепортажды ұсынамыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
08.09.2026, 09:47Қазақстан мен Қытай жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы келісімге келді 08.09.2026, 09:11 11066Маңғыстауда қысқа дайындық аясында 500 шақырымнан астам электр желісі жаңартылды08.09.2026, 10:26 10401Бектенов жаңартылған Үкіметтің міндеттерін анықтап берді08.09.2026, 10:54 9686Қазақстанның өзен-көлдері мен су қоймалары бірыңғай цифрлық жүйеге біріктірілді08.09.2026, 10:12 6246Еліміздің бес өңірінде бизнеске қолдау көрсету орталықтары өз жұмысын бастайды
03.09.2026, 17:22 82766Қалдықтарды өңдеу, төтенше жағдайлардан қорғау және жастар саясаты: жаңа министрлерге міндеттер жүктелді03.09.2026, 18:50 79536Тоқаев еліміздің СІМ жаңа басшысына негізгі міндеттерді айқындап берді04.09.2026, 20:49 70236Мадиев пен Binance негізін қалаушы Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуды талқылады04.09.2026, 10:08 66661Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды04.09.2026, 16:22 64486Тоқаев экология министріне қалдықтарды қайта өңдеу және ормандарды қалпына келтіру міндеттерін жүктеді
03.09.2026, 17:22 82766Қалдықтарды өңдеу, төтенше жағдайлардан қорғау және жастар саясаты: жаңа министрлерге міндеттер жүктелді03.09.2026, 18:50 79536Тоқаев еліміздің СІМ жаңа басшысына негізгі міндеттерді айқындап берді04.09.2026, 20:49 70236Мадиев пен Binance негізін қалаушы Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуды талқылады04.09.2026, 10:08 66661Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды04.09.2026, 16:22 64486Тоқаев экология министріне қалдықтарды қайта өңдеу және ормандарды қалпына келтіру міндеттерін жүктеді

