Доминикан Республикасының өкілі «Әлем аруы – 2026» атанды
Доминикан Республикасының өкілі Джоэйрри Мола "Әлем аруы - 2026" атағын жеңіп алды. Халықаралық сұлулық сайысының ақтық сыны 2026 жылдың 5 қыркүйегінде Вьетнамның Нячанг қаласында өткен болатын. Тәж үшін 111 елдің өкілі бақ сынады. 24 жастағы жеңімпаз ару оқытушы және журналист болып жұмыс істейді.
Бірінші вице-мисс атағын Испания өкілі Элизабет Рейнес иеленсе, екінші вице-мисс Малайзиядан келген Таанусия Четтиге бұйырды. Жеңімпазға тәжді "Әлем аруы - 2025" иегері Таиландтық ару Сучата Чуангсри кигізді. Бұл Доминикан Республикасының байқау тарихындағы екінші жеңісі болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

