26.06.2026, 16:06 82371
Венесуэлада жойқын жер сілкінісі орын алды
Сурет: gazeta.ru/Adrian Naranjo/AP
Достарға айту
Венесуэлада 24 маусым күні кешке арасына 39 секунд салып магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жойқын жер сілкінісі болды. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметіне сүйенсек, негізгі жер сілкінісінің ошағы Карабобо штатындағы Морон қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 16 шақырым қашықта, 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Ең көп зардап шеккен Каракас қаласы болып отыр. Тұрғын үйлер бүлініп, Симон Боливар атындағы халықаралық әуежай терминалының шатыры жартылай құлаған. Барлық әуе рейстері тоқтатылды.
Елде төтенше жағдай жарияланып, тұрғындарға жер сілкіністерінің қайталануы қаупінің болуына байланысты бүлінген ғимараттарға қайтып оралмауға кеңес берілді.
Соңғы мәліметтер бойынша, кемінде 235 адам қаза тауып, 4 300-ден астам тұрған жарақат алған. Тағы 160-қа жуық адам хабар-ошарсыз кеткендердің қатарында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
07.08.2026, 12:29 13206
Comic Con Astana елордада поп-мәдениет жанкүйерлерінің басын қосты
Достарға айту
Астанада 6-9 тамыз аралығында Barys Arena мен "Алау" мұз сарайында өтеді деп жоспарланған Comic Con фестивалі басталды.
Фестиваль кино, телехикаялар, аниме, комикстер, бейнеойындар мен косплей жанкүйерлерінің басын қосты. Бағдарламада жұлдыздармен кездесу, қолтаңба тарату және фотосессиялар, ойын аймақтары ұйымдастырылып, әртістер өнер көрсетеді деп күтілуде. Сондай-ақ, жүлде қоры 20 млн теңгені құрайтын ауқымды косплей байқау өтеді.
Comic Con Astana фестивалінің басты қонақтары қатарында Николай Костер-Вальдау ("Тақтар ойыны"), Пол Андерсон ("Өткір күнқағарлар"), One Piece телехикаясының жұлдыздары Иньяки Годой мен Таз Скайлар, сондай-ақ Kandis K-pop тобы бар.
Елордадағы поп-мәдениеттің ең ауқымды фестивальдерінің бірі қалай өтіп жатқанын Kazakhstan Today фоторепортажынан тамашалай аласыздар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.08.2026, 14:09 16246
Астанада алғаш рет жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі ұшырылды
Сурет: Минтранс РК
Достарға айту
Астанада жолаушы мінген EH216-S ұшқышсыз әуе кемесінің тарихи демонстрациялық ұшуы өтті, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тік ұшып-қонып, электр қуатымен қозғалатын (eVTOL) сериялық әуе аппараты "Future Games 2026" халықаралық турнирі аясында елордадағы арнайы рұқсат етілген аумақта сынақ ұшуын орындады.
"Бұл - Қазақстан тарихындағы жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесінің алғашқы демонстрациялық ұшуы",- деп атап өтті министрліктен.
Іс-шараға қатысушылар ұшқышсыз әуе жүйелерінің нақты жағдайда қолданылу мүмкіндіктерімен танысты. Әуе кемесі екі жолаушыны тасымалдауға арналған. Оның ең жоғары жылдамдығы сағатына 130 шақырымды құрайды, ал ұшу қашықтығы 35 шақырымға дейін жетеді.
Алғашқы кезеңде Қазақстанның табиғи, мәдени және тарихи көрікті жеалғаш рет рлері үстімен ұзақтығы 5-30 минут болатын демонстрациялық және туристік бағыттарды іске қосу жоспарланып отыр. Болашақта мұндай ұшқышсыз жолаушылар әуе жүйелері қолданыстағы көлік түрлерін толықтырып, еліміздің заманауи көлік инфрақұрылымының бір бөлігіне айналады.
Жоба ұшқышсыз әуе жүйелерін түрлі салада пайдалануды көздейді. Атап айтқанда, оларды шұғыл медициналық көмек көрсетуге, дәрі-дәрмек жеткізуге, өрт сөндіру жұмыстарына, логистикаға және жедел әрекет етуді қажет ететін басқа да бағыттарға қолдану жоспарланған.
Сонымен қатар, жоба аясында Қазақстанда жолаушыларға арналған ұшқышсыз әуе жүйелерінің өндірісін кезең-кезеңімен өзімізде өндіру көзделіп отыр. Бұл жоғары технологиялы машина жасау саласын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Көлік министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қалалық әуе мобильдігін дамыту үшін қажетті құқықтық және инфрақұрылымдық негізді қалыптастыру жұмыстарын жүргізуде. eVTOL әуе кемелерін пайдалану, вертипорттардың қызметі және ұшқышсыз әуе қозғалысын басқару жүйесіне қатысты заңнамалық өзгерістер қабылданды. Бұл жаңа технологияларды Қазақстанның көлік жүйесіне қауіпсіз енгізуге қажетті жағдай жасайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.07.2026, 13:38 29231
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада "Болашақ ойындары - 2026" халықаралық турнирін ашты
Сурет: Akorda
Достарға айту
Бүгін Қазақстанның елордасында дәстүрлі спорт пен кибер нысанды біріктірген "Болашақ ойындары - 2026" халықаралық турнирінің ресми ашылу рәсімі өтті.
Жарысқа әлемнің 34 елінен 800-ден астам спортшы қатысуда.
Турнирдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ойындардың спорт пен интеллект үйлесімін бейнелейтінін, физикалық және цифрлық әлемді тоғыстырып, халықтар арасындағы достық көпіріне айналатынын атап өтті.
"Болашақ ойындары" - оған қатысушылар алдымен виртуалды форматта, кейіннен нақты спорт алаңында бақ сынайтын халықаралық фиджитал спорт турнирі.
Турнир Астанада 9 тамызға дейін жалғасын тауып, осы уақыт ішінде спортшылар шынайы және виртуалды жарыстарды біріктіретін фиджитал жарысында жүлделерді сарапқа салады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.07.2026, 15:49 46011
Бұқтырма: таулар мен сулар тоғысқан мекен
Достарға айту
Бұқтырма су қоймасы Алтайдың асқақ тауларын, қалың қарағайлы ормандарын және ұлан-ғайыр су айдынын тоғыстыратын ерекше мекен. Жаз мезгілінде мұнда балық аулап, қайықпен серуендеуге, жағажайда демалуға және бірнеше күнге қаланың қарбаласынан қашып мыңдаған адам келеді.
1960 жылы Ертіс өзеніндегі Бұқтырма су электр станциясының салынуына байланысты салынған су қоймасы бүгінде Қазақстандағы ғана емес, әлемдегі ең ірі жасанды су айдындарының бірі болып саналады. Оның аумағы шамамен 5490 шаршы шақырымды құрап, ұзындығы 425 шақырымнан, ал ең үлкен ені 35 шақырымнан асады. Сондықтан да Бұқтырманы көбіне "Қазақстан теңізі" деп те атайды.
Жағалау бойында ондаған демалыс базасы, құмды және қиыршық тасты жағажайлар, көркем шығанақтар мен қылқан жапырақты ормандар орналасқан. Маусымның қызған шағында мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелден мыңдаған турист келеді. Бірі судағы белсенді демалысты таңдаса, енді бірі балық аулап, жаяу серуендеп немесе Шығыс Қазақстанның таулы табиғаты сыйлайтын тыныштықты аңсап келеді.
Бұқтырма - Алтай табиғаты шексіз су айдынымен тоғысқан, ал әрбір күннің батуы оны еліміздің ең көркем өңірлерінің біріне айналдыратын ерекше орын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.07.2026, 12:23 45606
Данангтағы DIFF 2026: Азиядағы ең ірі отшашу фестивалі аяқталды
Сурет: vietnam.vn
Достарға айту
Вьетнамның Дананг қаласында 30 мамыр мен 11 шілде аралығында өткен DIFF 2026 халықаралық отшашу фестивалі өз мәресіне жетті. Биылғы фестивальге Азия, Еуропа және Аустралия елдерінен келген 10 команда қатысты.
Фестивальдің бас жүлдесін Португалияның Macedos Pirotecnia командасы қанжыласа, Қытайдың Jiangxi Yangfeng Art Display ұжымы екінші орынды иеленген.
"Көкжиектерді тоғыстыру" тақырыбымен өткен финалдық шоу 40 минуттан астам уақытқа созылып, көрермендерге мыңдаған отшашу сыйлап, кеш қонақтары жарық каскадтарды, кометаларды, сфералық отшашуларды, әуе эффектілері мен музыка ырғағына синхрондалған басқа да пиротехникалық көріністерді тамашалады.
Әрбір байқау бағдарламасы шамамен 20 минутқа созылды. Ал, алты жарыс кешінен тұрған DIFF 2026 маусымын ұйымдастырушылар фестиваль тарихындағы ең ауқымды әрі ең жоғары деңгейде өткен маусым деп атады.
Назарларыңызға Дананг қаласында өткен DIFF 2026 халықаралық отшашу фестивалінің финалдық кешінен әзірленген фоторепортажды ұсынамыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.07.2026, 11:09 60431
Bà Nà Hills - бұлтпен таласқан тау курорты
Достарға айту
Дананг қаласының маңындағы тауларда орналасқан Bà Nà Hills кешені Вьетнамдағы ең танымал туристік орындардың бірі болып саналады. Туристер мұнда әлемдегі ең ұзын аспалы жолдардың бірі арқылы өтіп, жол бойы тропикалық ормандар мен теңіз жағалауының керемет көріністерін тамашалайды.
Кешеннің басты символы - алып тастарды қолмен ұстап тұрғандай сезім сыйлайтын әйгілі Алтын көпір. Сондай-ақ, тау шыңында француз стилінде салынған ауыл, бақтар, ғибадатханалар, ойын-сауық аттракциондары мен панорамалық қарау алаңдары орналасқан. Таудың салқын саф ауасы Bà Nà Hills-те бір күн ішінде жылдың бірнеше мезгілін сездіретін бірегей демалыс орны ретінде танымал.
Фоторепортажда жыл сайын өзіне әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған туристі баурайтын кешеннің ең көрікті жерлері ұсынылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 21:35 81566
Оңтүстік Кореяға баратын Қазақстан азаматтарына арналған жадынама
Сурет: Kazakhstan Today
Достарға айту
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 20:44 79966
Қазақстандықтарға Ресейге сапар шегерде нені білу керек
Сурет: Kazakhstan Today
Достарға айту
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.08.2026, 09:52Шынар Ақпарова Оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды 13.08.2026, 11:27 2451СІМ шетелдік журналистерге Құрылтай сайлауына аккредиттеуден өту мерзімдерін еске салды13.08.2026, 10:22 936Алматыда жоғары дәрежелі шақыру бойынша өрт сөндіріліп жатыр13.08.2026, 12:14 621Астанада Жастар күніне арналған Jastar Day фестивалі өтті13.08.2026, 11:13 461Павлодар облысындағы «Деректерді өңдеу орталықтары алқабының» алғашқы нысаны 2027 жылғы маусымда іске қосылады
06.08.2026, 15:56 73471Қазақстанда шетелдік танымал тұлғалар бейнеленген саяси үдерістерге қатысты фейктердің жаңа толқыны анықталды06.08.2026, 13:30 7332616 тамыздан бастап ҮАААЖ-мен жүру құны екі есе қымбаттайды06.08.2026, 16:21 73041Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты06.08.2026, 17:55 71491СҚО ауылдарын сумен қамтуға қайтарылған активтер есебінен 2,7 млрд теңге бөлді06.08.2026, 18:38 60771"Тақтар ойынының" жұлдызы Қазақстан туралы алғашқы әсерімен бөлісті
24.07.2026, 17:33 105666АҚШ Қазақстаннан әкелінетін жекелеген тауарларға 12,5% мөлшерінде баж салығын енгізді24.07.2026, 13:01 99386Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін Қазақстандық Wildberries селлерлері үлкен шығынға ұшырағандарын мәлімдеді23.07.2026, 17:20 97966Маңғыстау облысы Қазақстан мен Өзбекстанның Өңір басшылары кеңесін қабылдауға дайындалуда17.07.2026, 23:10 97126Қазақстан БҰҰ алаңында волонтерлікті дамытудың үздік тәжірибелерін таныстырды17.07.2026, 14:41 94986ЖИ дамыту әскери бәсекеге емес, бейбітшілік қағидаттарына негізделуі қажет - Тоқаев

