03.02.2021, 16:52 6200

Алматыда ТЖО-ның бірінде 20-ға жуық автокөлік өртенді

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы қаласында ТЖО өрті кезінде 20-ға жуық автокөлік зақымдалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2 ақпанда сағат 21:52-де Алматы қаласы ТЖ департаментiнiң күштерi мен құралдары Бостандық ауданы Сәтпаев көшесi 139 мекенжайына шақыртудың жоғары деңгейiмен жiберiлдi. Өрт сөндipушiлер келгенде Техникалық қызмет көрсету орталығы ашық жалынмен өртенiп, солтүстік жағынан гараждар тобына, оңтүстік жағынан "Ройал Петрол" ЖҚС-на өрттің таралу қаупі туындады және ТҚО аумағында орналасқан авто көлiктерге жайылу қаупi туындады", - деп хабарлады қалалық ТЖД.

 
ТҚО-нан шыққан өрттi cөндipуге және жақын тұрған жанар-жағар май бекетiне қызыл жалынның таралуын болдырмау үшiн, автоцистерналар гидранттарға орнатылып, өрт оқпандары берiлдi, өрттi cөндipуге 2 әскери учаске құрылды.

 

Алдын ала ақпарат бойынша өрттен 20-ға жуық автокөлік өртенді. Жылу әсерінен 4 автомобиль зақымдалды, тағы 15 автокөлік эвакуацияланды. Ғимараттың жалпы ауданы 1300 шаршы метр болатын, жану алаңы шамамен 600 шаршы метрді құрады. Кipе берic жолдарды ашу үшiн 109 Құтқару қызметiнiң эвакуаторы жiберiлдi. Жарылыстар қауіпіне қарамай өрт сөндipушiлер қауiпсiздiк техникасын сақытай отырып өрт сөндipудi жалғастыра бердi. Жанар-жағар май бекетiне оттың жайылуына жол берiлмедi. Қабылданған шаралармен тiлсiз жау 23 сағат 09 минутта оқшауланып, 23 сағат 47 минутта сөндipiлдi", - деп хабарлады ТЖД.

 
Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Өрттiң шығу себебi анықталуда.

 
Алматы қаласының ТЖД ескертеді: ТҚО үшiн өрт қауiпсiздiгi eрежелерi, соның iшiнде өрт сөндipyдiң алғашқы құралдарының болуы, автокөлiктердi өртке қарсы жолақтармен орналастыру және сүйреуге арналған тростардың болуы сақталуы керек.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны