04.02.2021, 18:08 11315

Қарағандылық кәсіпорын 120 тоннадан астам темір кенін Қытайға заңсыз сатты деген күдікке ілінді

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 214-б. 2-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды.
Қарағанды. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Қарағандылық кәсіпорын 120 тоннадан астам темір рудасын Қытайға заңсыз сатты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қаржы мониторингі агенттігінің Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
 

2021 жылдың қаңтар айында Қарағанды облысында облыс аумағында тиісті рұқсат құжаттарынсыз темір кенін өндіру дерегінің жолы кесілді. 2016-2017 жылдар аралығында облыстағы коммерциялық кәсіпорындардың бірі 128 тоннадан астам темір кенін өндіріп, үлестес компания арқылы ҚХР-на өткізген. Бұл ретте, сомасы 1,1 млрд. теңге болатын пайда тапқан", - деп хабарлайды ҚР Қаржы мониторингі агенттігі.

 
ҚР Қаржылық мониторинг комитеті аталған дерек бойынша ҚР ҚК 214-б. 2-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісін қозғады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны