Система Orphus

13 адам коронавирусты Қазақстанда жұқтырған, ал 29 азамат басқа елдерден жұқтырып алып келген

24.03.2020, 23:38 23626

Алматы. 24 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты өткен онлайн баспасөз мәслихатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев келесіні мәлімдеді:

Осы уақытқа дейін елімізде коронавирус инфекциясын анықтауға арналған 15 мыңнан астам тест жасалды;

Қазіргі уақытта күніне 1000-нан астам тест жасалып жатыр;

27 наурызда Алматы қаласына 266 мың тегін тест келеді, болжаммен 29 наурызда олар ең алдымен дәрігерлердің қолына тиеді;

Барлық қалаға келушілердің түгеліне тексеру жүргізіледі;

Ауырғандардың көпшілігінде (80%-да) коронавирус еш белгілерсіз немесе сәл ғана тұмау белгілерімен өтеді;

Төтенше жағдайға байланысты биыл әскерге шақыру және 2019 жылдың көктемде шақырылған азаматтарды әскери қызметтен босату уақытша тоқтатылады;

13 адам коронавирусты Қазақстанда жұқтырған, ал 29 азамат басқа елдерден жұқтырып алып келген, қалған 26 науқас - індетке шалдыққан азаматтармен бір ұшақта болғандар.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны