Система Orphus

2018 жыл басталғалы Ақтөбе облысында 420 өрт болды

06.08.2018, 14:44 3011

Ақтөбе. 6 тамыз. Kazakhstan Today - 2018 жыл басталғалы Ақтөбе облысында 420 өрт болды.

Өӊірдегі өрт қауіпсіздігі туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе облысыныӊ ТЖД бастығыныӊ орынбасары Ернұр Өтегенов хабарлады.

Оныӊ айтуынша жыл басынан бері 420 өрт, оныӊ ішінде - 245-і облыс орталығында, 175-і - аудандарда болған.

"194 өрт отты абайламай пайдаланудан шыққан. Одан басқа, шылым шегу, 48 - ашық от құралдарын жарықтандыру үшін қолдану сияқты себептер де бар. Өрт қаупі бар мезгіздегі негізгі проблемалардыӊ бірі дала алқаптарыныӊ жануы болып отыр. Өӊірде ауданы 2800 га жерде 121 өрт болды. Елді-мекендерде құрамында 3176 адамы бар 344 ерікті өрт сөндіру құрылымдары жұмыс істейді", - деді спикер.

Өрт сөндіру құрылымдары қажетті материалдық-техникалық базамен жабдықталған: 822 бірлік ыӊғайластырылған техника, 7 өрт сөндіру автомобилі, 180 өрт сөндіру мотопомпасы мен 1472 аспалы бүріккіштер бар. Сондай-ақ, ұзындығы 1523 км республикалық және облыстық маӊыздағы жолдардыӊ, ұзындығы 441 км орман шаруашылығы мекемелерініӊ жанын өртке қарсы жырту жөніндегі іс-шаралар жүргізілді, ұзындығы 716,56 км теміржолдардыӊ бойына минералдандырылған алқаптарға күтім жасалынды.

Қазіргі уақытта облыс аумағында 2017-2018 жылдары құрылған 9 өрттіӊ шығуын бақылайтын орындар жұмыс істеуін жалғастыруда.

Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны