02.08.2016, 14:00 10060

2 шілдеде Оӊтүстік қазақстан облысы Мақтарал ауданыныӊ Мұратбаев ауылында белгісіз тұлға құрылыс дүкендерініӊ бірініӊ есігіне өрт қойып

Сонымен қатар, Дихан ауылында жергілікті тұрғындарға тиесілі 2 қосалқы қорасына өрт қойылып, салдарынан үйдіӊ ауласында тұрған "Газель" автокөлігі өртенген. ІІО қызметкерлері кінәлі тұлғаларды анықтау мақсатында іздеу шараларын жүргізді.

Астана. 2 тамыз. Kazakhstan Today - 2 шілдеде Оӊтүстік қазақстан облысы Мақтарал ауданыныӊ Мұратбаев ауылында белгісіз тұлға құрылыс дүкендерініӊ бірініӊ есігіне өрт қойып, 52 мыӊ теӊге залал келтірген. Полицейлер күдікті ретінде Асықата ауылыныӊ 30-жастағы тұрғынын анықтап, құрықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен қатар, Дихан ауылында жергілікті тұрғындарға тиесілі 2 қосалқы қорасына өрт қойылып, салдарынан үйдіӊ ауласында тұрған "Газель" автокөлігі өртенген. ІІО қызметкерлері кінәлі тұлғаларды анықтау мақсатында іздеу шараларын жүргізді.

ІІМ-де жедел штаб құрылып, оқиға орнына Ішкі істер министрініӊ бірінші орынбасары және ОҚО әкімі барды.

Құқыққа қарсы іс-әрекеттердіӊ жолын кесу мақсатында жүргізілген рейдтік шаралар барысында Мақтарал ауданыныӊ 34 тұрғыны ІІБ-на жеткізіліп, 7 таяқ және 5 литрлік бензин құйылған ыдыс тәркіленген. Олардыӊ құқықбұзушылық әрекеттерге қатысы бар-жоқтығы анықталуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны