11.12.2006, 12:00 2984

32 килограмм марихуана сатпақ болған алматылық ұсталды

АЛМАТЫ. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today. Алматы полициясы 32 килограмм марихуана сатпақ болған жергілікті тұрғында құрықтады, деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткі сатушы жексенбі күні Иуезов ауданында ұсталды. 38 жастағы ер адам есірткіні Өтеген батыр көшесінің бойындағы өз үйінің ауласында сатуға әрекет жасаған. Оперативтік қызметкерлер күдіктінің пәтерінен ішіне шөп салынған екі қап тапты. Марихуананың жалпы салмағы 32,5 килограмм болып шықты.

Тұтқын уақытша тергеу қапасына қамалды.

Жалпы алғанда өткен аптада Алматылық тәртіп сақшылары есірткі сатумен шұғылданған 19 адамды қолға түсірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны