13.05.2013, 11:51 23334

5-сынып оқушысын зорлап, өлтірді деген күдікпен 30 жастағы ер адам ұсталды

Полицияның учаскелік инспекторы Ерейментау АІІБ кезекшілік бөліміне 5 сыныптың оқушысы, 11 жастағы қыз бала үйінен кетіп, ізім-ғайым жоғалғанын хабарлаған.

Көкшетау. 13-мамыр. Kazakhstan Today - Ерейментау қаласында тәртіп сақшылары 11 жастағы қызды зорлаған, өлтірген деген күдікпен ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Полицияның учаскелік инспекторы Ерейментау АІІБ кезекшілік бөліміне 5 сыныптың оқушысы, 11 жастағы қыз бала үйінен кетіп, ізім-ғайым жоғалғанын хабарлаған.

Іздестіру шаралары барысында Изобильное ауылынан 250 метр жерде Селета өзенінде жоғалған қыздың мүрдесі табылды. Жақын маңды тексеру кезінде жапа шеккен баланың киім-кешегі де табылды.

Сараптама қортындысына сәйкес "миына қан кетіп, бас сүйегі сынған, жабық бас-сүйек жарақаты" салдарынан жасөспірім жан тәсілім еткен. Бұдан басқа қыздың зорланғаны да анықталып отыр. Аталмыш оқиға бойынша ҚР ҚК 96 бабының 2 тармағы (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны