10.03.2023, 17:23 34031

61 млн теңгеден астам шығын: Талдықорғанда қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға үкім шығарылды

61 млн теңгеден астам шығын: Талдықорғанда қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға үкім шығарылды
Сурет: Depositphotos
Сотталушының кінәсі жәберленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен дәлелденеді

Талдықорған. 10 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Талдықорған қалалық сотында қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
 

Т. 2018 жылдың жазында "Q" халықаралық компаниясының сайтына тіркеліп, тәуелсіз өкіл куәлігін алған. Сотталушы Т. 2019 жылдың қазан айында Алматы облысының (қазіргі Жетісу облысы), Талдықорған қаласында "Q" компаниясына жаңа қатысушылардың 690 000 теңгеден 860 000 теңгеге дейін жарна салуы керек болатын қаржылық пирамидаға азаматтарды заңсыз түрде тартқан. Бұл ретте Т. "Q" серіктестігінің әрбір мүшесіне апта сайын 200 АҚШ доллары көлемінде төлем жасап тұруға уәде берген", - деп хабарлады сотта.

 
Қылмыстық схема бойынша әрекет ете отырып, әрбір қатысушы жаңа қатысушыларды тартуы қажет болды, яғни дивиденттер қаржы пирамидасына жаңадан енген қатысушылардан жасалуы керек еді.
 

Т.-ның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде 76 азамат қаржы пирамидасына тіркеліп, жәбірленушілерге 61 миллион теңгеден астам шығын келтірілген", - деді баспасөз қызметінде.

 
Сотталушының кінәсі жәберленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен және қылмыстық істің басқа да зерттелген материалдарымен дәлелденеді.
 

Т.-ның жасаған қылмысы заң бойынша 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген ауыр қылмыстар санатына жатады", - деп атап өтті сотта.

 
Асырауында кәмелетке толмаған екі баланың болуын, алғаш рет қылмыс жасауын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот Т.-ны кінәлі деп танып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
 
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Бұған дейін Алматыда салымшыларды 6 миллиард теңгеге алдаған қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталғаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны