18.01.2021, 15:00 8004

Қарағандыда ұсталған қылмыстық топ мемлекетке 700 млн теңгеден астам шығын келтірді

Қарағандыда қылмыстық топ мүшелері 2016-2020 жылдар аралығында жалған шот-фактураларды жазу бойынша заңсыз қызметпен айналысқан.
Қарағанды. 18 қаңтар. Kazakhstan Today - Қарағандыда қылмыстық топ мүшелері 2016-2020 жылдар аралығында жалған шот-фактураларды жазу бойынша заңсыз қызметпен айналысқан.
 
Қылмыстық топ мүшелелері ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қолға түскен.
 
Аталмыш органның баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, тергеу барысында 7 адамнан тұратын топ жалған келісімшарттар жасау және шығындарды жасанды көбейту арқылы бюджетке салық төлеуден жалтару кезінде салық төлеушілер-контрагенттерге көмектесу мақсатында бақылауда ұстаған 13 кәсіпорын құрғаны анықталды.
 
Аталған адамдардың қылмыстық іс-әрекетінен мемлекетке келтірілген жалпы залал көлемі 700 миллион теңгеден асады.
 

7 күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат, 1 күдіктіге қатысты үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды", - делінген ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 


Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны