18.01.2021, 17:00 9094

Алматыда инфекциялық аурухана қаражатын жымқыруға қатысты тергеу басталды

Алматы. 18 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыда КВИ госпиталінің құрылысына бөлінген қаражатты жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
 

16 қаңтарда департамент Алматыда коронавируспен күресті күшейту мақсатында салынған модульді аурухана құрылысына бөлінген қаражатты жымқыруға байланысты ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлімі бойынша тексеруді бастады. Қазір істің әділ тергелуін қамтамасыз ету үшін қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК 24-бабына сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.

 
Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі іс мәліметтері құпия болып отыр. 

Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны