19.02.2021, 21:34 13279

Жаңатаста бес бала улы газбен уланудан көз жұмды

Тараз. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңатас қаласында сағат 15.15-те 2 шағын ауданда 5 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы көлемі 16 шаршы метр пәтерде өрт шықты (үй заттары мен жиһаз жанды), деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пәтерде ата-ананың қарауынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толмаған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған балалар болды.

Алдын ала деректер бойынша отағасы жұмыста, анасы дүкенге шығып кеткен. Өрт салдарынан кәмелеттік жасқа толмаған барлық балалар улы газбен уланып, ауруханаға жатқызылған, дегенмен біршама уақыттан кейін олар қайтыс болды.

Оқиғаның себебін анықтау үшін Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек бастаған арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына шықты. Комиссия құрамына прокуратура, полиция департаменті, төтенше жағдайлар департаменті және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

Зардап шеккен отбасыға жергілікті атқарушы орган тарапынан жан-жақты көмек көрсетіледі. Атап айтқанда, психологтардың көмегі мен жерлеу рәсімін ұйымдастыру.

Жамбыл облысы ТЖД бастығы мен жедел топ, жылжымалы өрт-техникалық зертханасы, жедел топ және Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің психологтары Жаңатасқа шықты.

Сонымен қатар, Жаңатасқа облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров пен полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов шықты.

Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің 6 қызметкері және 1 бірлік техника жұмыс істеді. Өрт толықтай сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны