12.07.2026, 15:22 37946

Ақмола облысында екі қыз суға батып кеткен көліктің ішінде қаза тапты

Ақмола облысында екі қыз суға батып кеткен көліктің ішінде қаза тапты
Сурет: ЖИ
Ақмола облысының Целиноград ауданында жеңіл автокөлік жасанды тоғанға батып кетіп, ішінде отырған 8 және 12 жастағы екі қыз қаза тапты. Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар қызметі хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, 11 шілдеде отбасы Қызылжар ауылы маңындағы су айдынының жанында демалып жүрген. Таңертең шомылып шыққаннан кейін апалы-сіңлілі қыздар киімдерін ауыстыру үшін жағалауда тұрған көлікке отырған.

Осы сәтте автокөлік белгісіз себеппен қозғалып, еңіспен төмен қарай сырғып, суға құлаған.

Қыздардың әкесі оларды бірден құтқаруға тырысқанымен, көліктің есігі де ашылмай, көлік терезесін де сындыра да алмаған. Көлік аз уақыт ішінде суға батып кеткендіктен, балаларды құтқару мүмкін болмады.

Оқиғаның себептері мен мән-жайын тергеушілер анықтап жатыр.

Естеріңізге сала кетсек,  өткен жылдың қаңтарында Семей қаласында жеңіл автокөлік бетон қоршауға соғылып, өзенге құлаған болатын. Көліктің ішінде болған адамның біреуі ғана аман қалып, үшеуі қаза тапқан.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны