10.07.2026, 09:35 33046

Ақтөбе облысында байланыс мұнарасы дүкенге құлап, үш адам зардап шекті 

Ақтөбе облысында байланыс мұнарасы дүкенге құлап, үш адам зардап шекті 
Ақтөбе облысының Қарауылкелді ауылында қатты екпінді жел салдарынан металл байланыс мұнарасы бір қабатты дүкен ғимаратының үстіне құлады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Оқиға салдарынан үш адам зардап шегіп, олардың барлығына аудандық ауруханада қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жедел түрде апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізді.

Қолайсыз ауа райының салдарынан өңірдегі бірнеше нысан да зақымданды. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтің жетекшілігімен төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия құрылды. Қазіргі уақытта келтірілген залал көлемі бағалануда.





Қазіргі уақытта мамандар келтірілген залалды бағалап жатыр. Апаттық бригадалар аудан орталығындағы электр энергиясы мен ұялы байланыс желілерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде», – деп хабарлады облыс әкімдігі.

Өңір әкімі Асхат Шахаровтың тапсырмасымен оның орынбасары Ғалымжан Елеуов Байғанин ауданына барды. Ол зақымданған дүкенді қарап, электр беру желілеріндегі қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Апаттық бригадалар тәулік бойы жұмысын жалғастырып жатыр.

Одан кейін төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Онда қалыптасқан жағдай, зардап шеккен нысандардың тізімін жасау, келтірілген залалды бағалау, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жауапты қызметтердің іс-қимылын үйлестіру мәселелері талқыланды. Қазіргі уақытта барлық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.

«Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында. Оның тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, біз ауылға жедел келдік. Ең бастысы – адамдар аман. Зардап шеккен барлық тұрғынға қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті көмек көрсетіледі. Ешкім қолдаусыз қалмайды», – деп мәлімдеді облыс әкімдігі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны