28.05.2023, 18:43 14456

Ақтөбе облысында екі бала суға батып кетті

Бүгін түнде құтқарушылар екінші баланың денесін тапты
Ақтөбе облысы Құрылыс ауылында Ырғыз өзеніне екі бала батып кетті, деп хабарлайды "Мой город" порталы Ақтөбе облысының ТЖД сілтеме жасай отырып.

Екі бала бұзау іздеп үйден шығып, қайтып оралмаған.

Екі баланың Ырғыз өзеніне батып кеткені туралы ақпарат құтқарушыларға сағат 16.45-те түскен.

Сағат 18.30-да олардың бірінің денесі судан табылды, екіншісі әлі іздестіріліп жатыр. Ұлдар 12 жаста.

Қазір құтқарушылар, сүңгуірлер және жергілікті тұрғындар екінші баланы іздестіріп жатыр.

Қосымша: 28/05/ 2023, 10.51

Құтқарушылар суға батқан екінші баланың денесін тапқан.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны