19.03.2021, 21:15 45006

Ақтөбеде шетелдік кәсіпкерлерден қомақты ақша талап еткен трансұлттық ҰҚТ жойылды

НҰР-СҰЛТАН. 19 НАУРЫЗ - 2021 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, "А" арнайы мақсаттағы қызметін қатыстырумен аса қауіпті трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Тексеру барысында 2020 жылғы қазан-қарашада теріс ниеттілер Ақтөбе қаласына Беларусь және Қазақстан кәсіпкерлерін алдап шақырып, психологиялық және күшпен қысым көрсету арқылы бизнесмендердің 87 млн. теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатын иеленгені анықталды", - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметінде.


 
Бұдан әрі, 2021 жылғы ақпанда Мәскеу қаласынан бизнесменді – ірі инвестициялық компанияның басшысын Ақтөбе қаласына шақырып, осыған ұқсас жолмен 500 мың АҚШ долларын иемденуді жоспарлаған.
 
Нәтижесінде, топ жетекшісі – Қазақстан азаматы және 4 белсенді мүшесі – Ресей Федерациясының азаматтары ұсталды.
 

Тінту барысында 3 Калашников автоматы, электршокерлер, бетперделер, банк карталары, ұялы телефондар мен қылмыс жасаудың басқа да құралдар-жабдықтары табылып, алынды", - деді баспасөз қызметінде.

 
ТҰҚТ мүшелеріне қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 264-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны