14.01.2021, 21:59 17872

Ақтөбеде жедел жәрдем көлігі аударылып, бір жолаушы көз жұмды

Қайғылы оқиға Самара-Шымкент тас жолында орын алды.
Ақтөбе. 14 қаңтар. Kazakhstan Today - Ақтөбеде жеңіл және жедел жәрдем қызметінің көлігі аударылып, бір жолаушы ауруханада көз жұмды.
 
Самара-Шымкент тасжолының Хромтау ауданы Аққұдық кенті аумағында жеңіл және жедел жәрдем қызметінің көлігі соқтығысты. Алдын ала белгігі болғаны - жеңіл көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан Әйтеке би аудандық ауруханасына тиесілі "Уаз" автокөлігі аударылды.
 

Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен жолаушы түрлі дене қарақатымен Хромтау ауданының ауруханасына түсті. Бірнеше сағаттан кейін жедел жәрдем көлігінде болған есепшісі есін жимастан көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 


Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны