03.02.2022, 17:36 16221

Қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде ломбардты тонаған тонаушылар Қызылордада ұсталды

Күдіктілер құны 300 миллион теңге болатын зергерлік заттарды алып кеткен.
ҚЫЗЫЛОРДА. 3 АҚПАН - Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде Қызылорда қаласындағы ең ірі ломбардты тонаған екі қылмыстық топ қолға түсті. 
 
Күдіктілер құны 300 миллион теңге болатын зергерлік заттарды алып кеткен. Олар жасырған бағалы заттардың бір бөлігі құрылыс алаңынан табылды. Ұсталған 6 азамат уақытша қамау изоляторында отыр.

 

Күдікті тұлғалардан айғақ зат ретінде алтын бұйымдар, яғни 25 алтын сақина, 22 алтын алқа, 7 алтын білезік, 3 алтын сағат, бұдан бөлек ұрланған ноутбук бар", - деді облыстық ПД криминалдық полиция бөлімінің басшысы Самат Ысқақов.

 
Ақпарат көзі: 24.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны