14.10.2021, 19:10 62376

Ақтау маңында жол апатынан екі адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жатқызылды

АҚТАУ. 14 ҚАЗАН - Маңғыстау облысында 3 көлік соқтығысып, салдарынан 2 адам қаза тапты.
 
Қайғылы оқиға 13 қазан күні сағат 16:51 шамасында "LPG Trade"газ құю бекетіне қарама-қарсы жолда болған.
 
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Ақтау қаласынан Мұнайлы ауданына бара жатқан "Chevrolet Cobalt" автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, инкассаторлық "ГАЗель" көлігімен және "Daewoo Nexia" машинасымен соқтығысқан.
 

Жол апаты салдарынан "Chevrolet Cobalt" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, зардап шеккендердің бесеуі Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді", - делінген баспасөз хабарламасында.

 
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:Ақтау

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны