Система Orphus

"Абай" шахтасына ресейлік мамандар келеді деп күтілуде

15.01.2008, 14:57 103

Абай. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Абай" шахтасына ертең ресейлік мамандар келеді деп күтілуде. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында шахтадағы жарылыс себептерін анықтау жөніндегі үкіметтік комиссияның жетекшісі, ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Министрдің айтуынша, ертең Кемерово мен Санкт-Петербургтен ертең ресейлік мамандар келеді деп күтілуде. Атап айтсақ, техника ғылымдарының докторы, Тау-кен өнеркәсібіндегі қауіпсіздік жұмыстары жөніндегі ҒЗИ профессоры В. Мурашев келмекші.

В. Божконың хабарлауынша, ресейлік мамандарды шақыруға "Абай" шахтасында болған оқиғаның "кен өндіретін орын жаппай отқа оранған бұрын-соңды болмаған оқиға болғандығына байланысты. Бұл шахтадағы айрықша тау-кен-геологиялық жағдайларға байланысты".

Сонымен қатар, зардап шеккендерге көмек көрсету үшін ресейлік жетекші күйік орталықтарынан мамандар шақырылған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің емдеу-профилактикалық жұмыстар департаменті директорының орынбасары Бақытжан Сексенбаевтың айтуынша, қазір ауруханада жатқан 14 адамның жетеуінің жағдайы ауыр деп бағалануда. Бір кеншінің тері қабаты мен тыныс алу жолдарының 60% күйіп қалған. Зардап шеккен өзге 7 кеншінің денсаулығы оңалып келеді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 11 қаңтар күні таңертең 9 сағат 20 минутта "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ның көмір департаментінің "Абай" шахтасында 32К-10С учаскесінде метан жарылды. Жарылыс кезінде шахтада 191 адам болған. Қазір 14 адам Қарағанды мен Абай ауылындағы ауруханаларда жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны