11.01.2008, 19:45 3111

"Абай" шахтасында кеншілерді құтқару жұмыстары одан әрі жалғасуда

"Абай" шахтасында кеншілерді құтқару жұмыстары одан әрі жалғасуда

Қарағанды. 11 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысындағы "Абай" шахтасында кеншілерді құтқару және өрт сөндіру жұмыстары одан әрі жалғасуда. Бұл туралы журналистерге ҚР вице-премьері Өмірзақ Шүкеев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Барлық шұғыл әрекет ету қызметтері кеншілер толық табылғанға дейін және шахтадағы жарылыс зардаптары жойылғанға дейін тәулік бойы жұмыс істейді", - деді вице-пермьер.

Ө.Шүкеевтің айтуынша, қазірде құтқарушылар жер бетіне қаза тапқан жеті кеншінің мәйітін шығарды. Зардап шеккен 14 адам ауруханаларда жатыр, 23 адам іздестірілу үстінде. Құтқарушылардың жұмысын өрт пен тұмшалап алған қою түтін, сондай-ақ, олардың 500 метр тереңдіктегі өрт ошағына жақындай алмауы қиындата түсуде.

Оқиға орнында шахтадағы жарылыс себептерін анықтау жөніндегі үкіметтік комиссия жұмыс істеуде. Оның құрамында энергетика және минералды ресурстар министрлігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, ішкі істер министрлігі мен жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері, кеншілердің "Қорғау" кәсіподақ ұйымы, ғылыми мекемелер мен "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ның өкілдері енген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін таңертең 9 сағат 30 минутта "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ның көмір департаментінің "Абай" шахтасында 32К-10С учаскесінде метан жарылды. 15 сағаттағы жағдаймен 7 адамның қаза тапқаны және 9 адамның жараланғаны жөнінде ақпарат болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны