15.01.2008, 14:43 1921

"Абай" шахтасындағы жарылыстың себептері туралы айту әзірге ерте - ҚР Төтенше жағдайлар министрі

"Абай" шахтасындағы жарылыстың себептері туралы айту әзірге ерте - ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Абай. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Абай" шахтасындағы жарылыстың себептері туралы айту әзірге ерте. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында шахтадағы жарылыс себептерін анықтау жөніндегі үкіметтік комиссияның жетекшісі, ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко атап өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қандайбір адами немесе табиғи сипаттағы фактор туралы сөз қозғау ерте. Біз оқыс оқиға болған жерде әлі болғамыз жоқ, сол себепті дәл қандай оқиға болғанын білмейміз", - деді министр.

Оның айтуынша, қазір үкіметтік комиссия суалнамалар жүргізуде. Сондай-ақ, тергеу тобы да жұмыс істеп жатыр. Комиссия алғашқы ресми мәліметтерді 21 қаңтарда, жарылыстан 10 күн өткенде жария етеді.

Министрдің айтуынша, комиссия құрамында энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, денсаулық сақтау және ішкі істер министрліктерінің 16 адамы бар.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 11 қаңтар күні таңертең 9 сағат 20 минутта "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ның көмір департаментінің "Абай" шахтасында 32К-10С учаскесінде метан жарылды. Жарылыс кезінде шахтада 191 адам болған. Қазір 14 адам Қарағанды мен Абай ауылындағы ауруханаларда жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны