10.06.2023, 11:22 15801

Абай ауданындағы орман өртінің аумағы 60 мың гектардан асты

Абай облысында 6 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда
Абай ауданындағы орман өртінің аумағы 60 мың гектардан асты
Сурет: ТЖМ
Бүгін ТЖ министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес Абай облысындағы өрт орнына Алматы қаласынан, Алматы, Жетісу және Қарағанды облыстарынан қосымша күштер мен құралдар жіберілді. Ал Қызылорда облысынан 1 тікұшақ жіберілетін болады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Абай облысында 6 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға жәрдемдесуде.

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 800-ге жуық адам, шамамен 200-дей бірлік техника жұмылдырылған.

Орман шаруашылығы комитетінің ақпаратына сәйкес өрттің алдын ала ауданы 60 000-нан астам га құрайды.

8 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылуда. Өрт ошақтарына әуеден 99 рет су төгілді, жалпы көлемі 275,5 тоннаны құрайды.

Еске сала кетейік, жедел желі ашылып, ТЖМ және ТЖД психологтарының жұмысы ұйымдастырылды: 8 7172 53 32 84, 8 722 235 38 31. Қазіргі уақытқа дейін 17 қоңырау түсті.

Қазгидромет" АҚ 9 маусымдағы деректері бойынша: күндіз облыстың солтүстігінде, батысында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күші 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м / с. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 жылу, күндіз 29-34 жылу, облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады деп күтілуде.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны