18.07.2026, 11:41 46166

Абай облысындағы "Семей орманы" резерватындағы өрт оқшауланды

Абай облысындағы "Семей орманы" резерватындағы өрт оқшауланды
Сурет: ҚР ТЖМ
Абай облысы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты Бородулиха филиалының Камышенка орманшылығының орман алқабының жануы оқшауланды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, қызметкерлер мен күш құралдары өрт толық сөндірілгенге дейін күшейтілген режимде жұмыс жасауын жалғастыруда. Мамандар жекелеген ошақтарды суарып, өртенген ағаштар мен орман төсеніштерін бөлшектеп, қайта тұтанудың алдын алу үшін аумақты топырақпен жабуда.

Өрттің одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында өрт ошағының периметрі бойымен жер жыртылып, минералданған жолақтар салынды.

Өрт сөндіру жұмыстары басталғалы бері авиация 370-тен астам су төгу операциясын орындап, жалпы көлемі 860 тоннадан астам су шашылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны