27.03.2023, 10:18 21216

Абай облысының тұрғыны қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды сақтаған

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде
Абай облысының тұрғыны қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды сақтаған
Сурет: Polisia.kz
Семей. 27 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Абай облысының полицейлері қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды тапты.

Polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тұрғылықты жерін тінту кезінде 12 калибрлі Вепрь-12, оған 12 калибрлі 4 патроны бар, атуға жарамды резеңке оқтар, 62х39 атуға жарамды, (зауыттық тәсілмен жасалған), соққыға қарсы қорғаныс қалқандары, тапаншаға арналған қапшығы бар белдік және арнайы құралдар тәркіленген Аягөз ауданының тұрғыны ұсталды, деп нақтылайды Polisia.kz.

Күдікті қамауға алынды.

Polisia.kz

Аталған факт ҚР ҚК "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" 287-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, жағдайлар анықталып жатыр.

Бұған дейін Талдықорған қаласындағы демалыс саябағынан оқ-дәрілердің жасырылған орны табылған болатын.

Ақпарат көзі: Polisia.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны