30.03.2012, 12:27 3644

Африкада 20 футболшы суға кетті

Ойыншылар мен жанкүйерлер Замбиядан үш қайықпен Луапула өзенінен өтіп келе жатқан болатын. Қастарынан өткен моторлы катерден болған үлкен толқын қайықтарды аударып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports Illustrated сілтеме жасай отырып.

Астана. 30-наурыз. Kazakhstan Today - Замбияда "Верджин КА" конголез клубының футболистері мініп үйлеріне қайтып келе жатқан үш қайық суға батып кетіп, 20 адам қаза болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ойыншылар мен жанкүйерлер Замбиядан үш қайықпен Луапула өзенінен өтіп келе жатқан болатын. Қастарынан өткен моторлы катерден болған үлкен толқын қайықтарды аударып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports Illustrated сілтеме жасай отырып.

"Олардың қайығын қастарынан өткен катер көтерген үлкен толқын Луапула өзенінің ортасында аударып жіберді, - деп әңгімеледі Луапула провинциясының вице-губернаторы Аарон Мушанга. - Қайықтарда жүзден астам адам болған, олардың 80-ін жағалаулық күзет құтқарды. 20 адам мерт болды".

Қызыл Крестің жергілікті өкілдігінің баспасөз хатшысы әзірше барлық мәйіт түгел анықталып болған жоқ, деп хабарлады. Тіпті адамдардың денелері судан шығарылып болмаған.

ФИФА президенті Зепп Блаттер қаза болғандардың отбасыларына және Конгоның Футбол федерациясына көңіл айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны