20.04.2012, 12:12 3209

Аягөздегі әскери бөлімде жарылыс болып, 1 әскери қызметші қаза тапты

Ведомствоның атап өтуінше, төтенше оқиға салдарынан 4 әскери қызметші түрлі дәрежеде дене жарақатын алып, олардың бірі ауруханаға апара жатқан жолда қаза тапты.

Астана. 20-сәуір. Kazakhstan Today - Кеше Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында орналасқан 10810 әскери бөлімнің әскери көліктер паркінде белгісіз зат жарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Искери Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомствоның атап өтуінше, төтенше оқиға салдарынан 4 әскери қызметші түрлі дәрежеде дене жарақатын алып, олардың бірі ауруханаға апара жатқан жолда қаза тапты.

Аталған іс бойынша Аягөз гарнизонының әскери прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 390 бабы 2 бөлімінде қарастырылған қылмыстық белгілер бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде, бірқатар сараптама тағайындалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны