05.06.2013, 12:04 4642

Икесі көлігінде ұмытып кеткен сәби қаза тапты

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер баланы аман алып қалуға тырысқанымен, ол сол күйі есін жимай жан тапсырды. Дәрігерлердің байламынша, сәби маусымның аптап ыстығында күні бойы тұрған көліктегі жоғары температураның салдарынан көз жұмған.

Астана. 5-маусым. Kazakhstan Today - Икесі көлігінде ұмытып кеткен сәби қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше Италиядағы Пьяченцы қаласының солтүстігінде көлік ішінен өлімші халдегі 3 жасар Лука есімді бүлдіршін табылды.

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер баланы аман алып қалуға тырысқанымен, ол сол күйі есін жимай жан тапсырды. Дәрігерлердің байламынша, сәби маусымның аптап ыстығында күні бойы тұрған көліктегі жоғары температураның салдарынан көз жұмған.

Жантүршігерлік жағдай бойынша оның 39 жастағы әкесі Андреа Албанезе тергелді. Қаладағы мейрамханалардың бірінде аспазшы болып жұмыс істейтін ол таңертең өзінің ұйықтап қалған ұлын көлік ішінде ұмытып кеткен. Луканы балабақша жеткізу әкесінің есінен шығып, ол тікелей мейрамханаға жол тартқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны