04.06.2008, 10:03 1277

Ақмола, Алматы және Қызылорда облыстарында өткен тәуліктің ішінде төрт адам суға батып кетті

Ақмола, Алматы және Қызылорда облыстарында өткен тәуліктің ішінде төрт адам суға батып кетті

Астана. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола, Алматы және Қызылорда облыстарында өткен тәуліктің ішінде төрт адам суға батып кетті, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ ақпараты бойынша, 3 маусымда 15 сағат 30 минутта Шортанды кентінде Дамса өзенінде шомылған бір ер адам суға батып кетті. Баспасөз қызметі хабарлағанындай, құтқару қызметі оның денесі 17 сағат 19 минутта судан шығарып алды.

Алматы облысының Тұрар кентінің К-28 су қоймасында сағат 15.00 он жеті жастағы қыз бала суға батып кетті. Оның денесін судан құтқару қызметінің қызметкерлері шығарып алды.

ТЖМ ақпараты бойынша, 3 маусымда 18 сағат 00 минутта Қызылордада Сырдария өзенінде шомылған жас адам суға батып кетті. Оның денесі судан құтқару қызметінің күшімен 19 сағат 30 минутта шығарылды. Сол күні Қызылорда облысында Жусалы аудандық орталығында Қараөзек өзенінде суға шомылған 14 жасар жасөспірім 19 сағат 30 минутта суға батып кетті. Аудандық ішкі істер департаментінің қызметкері оның денесін 4 маусымда 00 сағат 30 минутта судан шығарып алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны