29.07.2016, 18:16 11210

Ақмола облысы Ерейментау ауданыныӊ аумағында су тасқыны жағдайы қалыптасты

2016 жылғы 28 шілдеде күшті жауған нөсер жаӊбыр салдарынан Ақмола облысы Ерейментау ауданыныӊ аумағында қиын су тасқыны жағдайы қалыптасты, оныӊ салдарынан халықтан тұрғын үйлер, аулалар мен шаруашылық құрылыстарын су басуы туралы хабарламалар келіп түсті.И

Астана. 29 шілде. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 28 шілдеде күшті жауған нөсер жаӊбыр салдарынан Ақмола облысы Ерейментау ауданыныӊ аумағында қиын су тасқыны жағдайы қалыптасты, оныӊ салдарынан халықтан тұрғын үйлер, аулалар мен шаруашылық құрылыстарын су басуы туралы хабарламалар келіп түсті.И Тексеру қорытындысы бойынша Ерейментау қаласында 17 аула аумағын су басты, соныӊ ішіндеИ 5 тұрғын үйдіӊ ішіне еденнен 5-8 см жоғары деӊгейінде су кірді.
Қазіргі уақытта су басқан 4И жеке тұрғын үйден жаӊбыр суы ағызып жіберілді, 1 үй су астында қалып отыр (судыӊ деӊгейі 5 см), суды сорып шығару жұмыстары жүргізілуде.
2016 жылғы 28 шілдеде сағат 9.30-да Ерейментау ауданыныӊ әкімі Е.Б. Нұрманов жергілікті көлемде ТЖ жариялады, аудан әкімдігінде жедел штаб құрылды.
Халыққа жаӊбыр суын сорып шығару бойынша көмек көрсету, суды бұру арналары мен траншея орнату, аулалар мен көшелерге құм себу, тәртіпті қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдарыныӊ коммуналдық қызметтері, Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті полиция қызметінен тұратын 3 бригада құрылды. Оныӊ құрамында 17 бірлік техника, 45 адам бар. Ерейментау қаласы бойынша 2250 текше метр су сорып шығарылды, 650 метр көшеге, 78 аулаға қиыршық тастар төселді. 320 метр су ағызу арналары салынды.
Облыстық ТЖ департаменті мен Ерейментау аудандық электр станциясыныӊ күштері «АРЭК» АҚ Ерейментау АЭС кіші станциясыныӊ аумағынан 700 текше метр су сорып шығарылды, қалада 2016 жылғы 28 шілдеде сағат 8.00-ден 9.30-ға дейінгі аралықта өшірілген электр энергиясын беру қалпына келтірілді.
Сонымен қатар Ерейментау станциясы теміржолдарынан суды ағызу және бұру жұмыстары жүргізілді, пойыз жүрістері тоқтатылған жоқ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны