29.06.2009, 15:22 2523

Ақмола облысында Астаналық ағалы-інілі екі жігітті өлтірген күдіктілер ұсталды - ҚР ІІМ

Ақмола облысында Астаналық ағалы-інілі екі жігітті өлтірген күдіктілер ұсталды - ҚР ІІМ

Астана. 29 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысында Астаналық ағалы-інілі екі жігітті өлтірген күдіктілер ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Ағымдағы жылдың 21 маусымында елордалық Заречный ауылының шетіндегі арықта мойын тұсында көптеген пышақ жарақаттарымен екі ер адамның мәйіті табылды",- деді Қ.Жұманов.

"Ақмола облысының Щучинск қаласында криминалдық полиция қызметкерлері "Арлан" арнайы жасағымен бірлесе, бұзақылықтың салдарынан қасақана кісі өлтіру күдігі бойынша Атбасар және Щучинск қалаларының тұрғындарын ұстады. Оларлың бірі бұған дейін бірнеше мәрте сотталған. Олардан жәбірленушілерге тиесілі пышақ алынды",- деді Қ.Жұманов.

ҚР ІІМ ақпаратына сәйкес, күдіктілер Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінде әрлеуші болып істеген және Заречный ауылында жатақханада тұрған.

"Қылмыс жасалған күні күдіктілер жатақхана маңында арақ ішкен және жолай қонақтан келе жатқан ағалы-інілі 30 және 34 жастағы жігіттермен кездескен. Ұсақ-түйек сылтауды алға тартқан күдіктілер төбелес шығарып, ағалы-інілі жігіттерді пышақтап өлтіріп, кейін Щучинскіге қашып кеткен",- деді ІІМ өкілі.

Қазір күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны