24.06.2010, 12:02 2828

Ақмола облысында аусылға шалдыққан 1935 бас мал жойылды

Маусымның 23-і таңертеңгі сағат 11.00-дегі жағдай бойынша эпизоотикалық ошақта 618 бас - ірі қара мал, 804 - ұсақ мал және 513 шошқа жойылды. Сонымен бірге, 32 124 ірі қара мен 57 235 бас ұсақ мал, 14 217 шошқа мен 13 бас түйе осы жұқпаға қарсы егілді.

Астана. 24-маусым. Kazakhstan Today Ақмола облысында аусылға шалдыққан 1935 бас мал жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Маусымның 23-і таңертеңгі сағат 11.00-дегі жағдай бойынша эпизоотикалық ошақта 618 бас - ірі қара мал, 804 - ұсақ мал және 513 шошқа жойылды. Сонымен бірге, 32 124 ірі қара мен 57 235 бас ұсақ мал, 14 217 шошқа мен 13 бас түйе осы жұқпаға қарсы егілді.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы маусымның 15-і күні Ақмола облысы Ерейментау ауданы Новодолинка ауылында тексеру жүргізіп, 241 ірі қара мал басынан "О" антиген типті аусыл ауруын тапқан болатын. Қазір бұл өңірге карантин жарияланып, эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны