07.12.2015, 18:36 7574

Ақмола облысында балабақшаныӊ жылу қазандығы жарылды

Целиноград ауданы Талапкер ауылына қарасты 96 Разъездегі балабақшаныӊ жылу қазандығы жарылды.

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Целиноград ауданы Талапкер ауылына қарасты 96 Разъездегі балабақшаныӊ жылу қазандығы жарылды. Бұл туралы "ҚазАқпарат" тілшісіне аймақтық ТЖД кезекшілік бөліміне хабарласқанында белгілі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Оқыс оқиға бүгін түске дейін 11:45 минут шамасында орын алған. Алдын ала болжам бойынша жарылысқа қазандық ішінде жиналып қалған ауа себеп болған көрінеді. Жарылыстан зардап шеккендер жоқ. Қазандық балабақша ғимаратынан алыс орналасқандықтан тәрбиешілер мен бүлдіршіндерді эвакуациялау қажет болмады. Қазіргі кезде, оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр", деп түсіндірді ТЖД кезекшілік бөлімінен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны