26.03.2012, 12:18 3148

Ақмола облысында болған көлік апатынан алты көлік зардап шекті

Ақмола облысында Астана - Петропавл трассасында алты көліктің соқтығысуының салдарынан алты адам зардап шекті.

Астана. 26-наурыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысында болған көлік апатынан алты көлік зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ақмола облысында Астана - Петропавл трассасында алты көліктің соқтығысуының салдарынан алты адам зардап шекті.

Олардың айтуынша, жол апаты дүйсенбіге қараған түні трассаның 236 шақырымында болған.

"Кеше кешке Щучинск қаласынан Астана бағытындағы жолдар жабық болды да, бүкіл көліктер Көкшетау жолымен жүрді, жол нашар көрінгендіктен, бір көлік тоқтап қалды, оған келіп бес көлік соқтығысқан".

"Апат болған орында полиция жұмыс істеп жатыр. Алты адамның жарақат алғандығы белгілі", деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны