24.03.2011, 13:01 2958

Ақмола облысында болған көлік апатынан екі жүк көлігі өртеніп, үш адам қаза тапты

Ақмола облысында болған көлік апатынан екі жүк көлігі өртеніп кеткен. Оқиға орнында Қырғызстанның екі азаматы және Қостанай облысының бір тұрғыны қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Көкшетау. 24 - наурыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысында болған көлік апатынан екі жүк көлігі өртеніп кеткен. Оқиға орнында Қырғызстанның екі азаматы және Қостанай облысының бір тұрғыны қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Екатеринбург - Алматы тасжолының 1085 шақырымында екі үлкен жүк көлігі соғылған. Көліктердің соқтығысуы салдарынан екі көлік те өртеніп кеткен. Апат салдарынан үш адам қаза тапты. Олар Қырғызстанан келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы және Қостанайдан келе жатқан көліктің жүргізушісі",- деп хабарлады агентікке Ақмола облысының ІІД жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен.

Көлік апаты болған жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде, полицейлер көліктердің соғылу себептерін анықтауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны