09.07.2010, 13:14 2473

Ақмола облысында дала өрті ауыздықталды

2010 жылдың 8- і шілдесі күні Ақмола облысының Шортанды ауданы, Ключи ауылындағы "Байдарбек" шаруа қожалығына тиесілі далалы алқаптан өрт шығып, жалын 400 гектар аумаққа тараған. Құтқарушылар тілсіз жауды сөндіру кезінде жанып кеткен "Ниссан" автокөлігін тапты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Астана. 9-шілде. Kazakhstan Today Ақмола облысында дала өрті ауыздықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

2010 жылдың 8- і шілдесі күні Ақмола облысының Шортанды ауданы, Ключи ауылындағы "Байдарбек" шаруа қожалығына тиесілі далалы алқаптан өрт шығып, жалын 400 гектар аумаққа тараған. Құтқарушылар тілсіз жауды сөндіру кезінде жанып кеткен "Ниссан" автокөлігін тапты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы қызметінің 37 адамы мен 8 техникасы жұмылдырылған.

Сонымен қатара, мекеменің мәліметтеріне сүйенсек, дәл осы күні Ақтөбе облысының Талдысай елді-мекенінде де өрт шыққан. Өрттің аумағы 500 гектарды құраған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Көктау ауылдық округінің өртке қарсы қызметінің 2 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны