22.01.2010, 18:21 2941

Ақмола облысында Көкшетау - Қостанай күре жолында жолаушылар автобусы өртенді

Ақмола облысында Көкшетау - Қостанай күре жолында жолаушылар автобусы өртенді

Көкшетау. 22 қаңтар. Kazakhstan Today - Ақмола облысында Көкшетау - Қостанай күре жолында электр жабдықтың ақауы салдарынан жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақмола облыстық ІІД жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақмола облысында 21 қаңтарда сағат 15.00-де Көкшетау - Қостанай күре жолының 37-ші шақырымында электр жабдықтың ақауы салдарынан Көкшетаудан Дружбаға бет алған бағытты автобус өртенді. Автобуста 25 жолаушы болған.

Жүргізушінің айтуынша, тоқтың сымы қысқаша тұйықталған, ол адамдардың шығуы үшін есікті әрең ашып үлгерген, деп хабарлайды тәртіп сақшылары. Автобус толық жанып кеткен. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны