20.04.2007, 18:03 3050

Ақмола облысында Көкшетауға есірткі тасымалдайтын арнаның жолы кесілді, 100 кг жуық есірткі тәркіленді

АСТАНА. 20 - сәуір. Kazakhstan Today. Ақмола облысында Көкшетауға есірткі тасымалдайтын арнаның жолы кесіліп, 100 кг жуық есірткі тәркіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Ақмола облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметін хабарлады.

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, Шучинск қаласының "Шеп" бекетінде Көкшетеу қаласының тұрғынына тиесілі "Мицубиси Галант" көлігі тоқтатылған. Көлік ішінде жүргізушіден басқа екі жолаушы болған, олар Жамбыл облысының Шу ауданының тұрғындары. "Тінту жүргізу барысында полицейлер жолаушылардың бірінің қалмтасынан бір граммнан астам героин салынған сіріңке қорапшасын, сонымен қатар көлік ішінен итталияда жасалған "Беретта" тапаншасын тапқан",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Сол күні желдел қызметкерлер осы қылмыстық топтың тағы бір мүшесінің ізіне түскен. "Көкшетауда тағы бір жас жігіт құрықталған, оның "Тойота-Королла" көлігін тексеру барысында героин ораған дорба мен бірөзекті аң аулау мылтығының ойындысы табылған",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, гаражды тексеру барысында салмағы 25 кг төрт қорап табылып, тәркіленген. "Сот-химиялық сараптама нәтижесі аталмыш есірткі заттарының 39,5 кг гашиш пен 55 килограммнан асып жығылатын марихуана екендігін растады",- деп атап өтті Ақмола облысының ішкі істер департаментіндегілер.

Есірткі тасымалдаушылардың үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабының 1-тармағы бойынша (есірткі заттарын заңсыз алу, сақтау немесе сату) қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны