25.06.2012, 13:33 2674

Ақмола облысында көлік апатында 5 адам қаза тапты, тағы 3-еуі ауруханаға жеткізілді

Ақмола облысының Бурабай ауданындағы автожолда болған жол-көлік апатының салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Астана. 25-маусым. Kazakhstan Today - Ақмола облысында көлік апатында 5 адам қаза тапты, тағы 3-еуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақмола облысының Бурабай ауданындағы автожолда болған жол-көлік апатының салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Оқиға, бір-бірімен соқтығысқан екі "Мерседес" көлігінің қатысуымен жексенбі, 24 маусым күні сағат 23:00-де "Астана-Петропавл" көлік жолының 225 шақырымында болды. Соқтығысу салдарынан екі көлік отқа оранды.

Жол-көлік апатында шетелдік көліктердің бірінің 29 жастағы жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы (тұлғалары анықталмаған) оқиға орнында көз жұмды. Жолаушы ретінде келе жатқан тағы 3 адам ауруханаға жеткізілді.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Ақмола облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны