09.03.2011, 14:44 3740

Ақмола облысында көмір артқан үш вагон жолдан шығып кетті

Ақмола облысында көмір артқан үш вагон жолдан шығып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 9 - наурыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысында көмір артқан үш вагон жолдан шығып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ хабарлауынша, 8 наурыз күні сағат 06.31 Сарыоба-Еркеншілік жолының 61-ші шақырымында көмір артылған вагонның бір жағының сынуынан электровоз бен Екібастұз-Астана бағытындағы № 2501 пойызының үш вагоны жолдан шығып кеткен.

Апат салдарынан 49 жастағы Б. Купенов деген жұмысшы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

"Апат салдарын жою үшін жолдар жабылған. Апаттың болу салдарын тексеретін арнайы комиссия құрылды",- деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны