21.12.2015, 13:26 4933

Ақмола облысында пойыз бен жеӊіл автокөлік соқтығысып қалды

Оқиға Есіл қаласында болып отыр. Ақпаратты Ақмола облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Шойын жолдағы қозғалыс қайта жанданды.

Астана. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ территориясында пойыз бен жеӊіл автокөлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оқиға Есіл қаласында болып отыр. Ақпаратты Ақмола облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Шойын жолдағы қозғалыс қайта жанданды. Осы өӊірдегі меншікті тілшіміз апатқа ұшыраған көлік жүргізушісімен байланысқа шығып, жағдайдыӊ жай-жапсарын білді. Жүргізушініӊ айтуынша, көлік қозғалтқышы теміржолдан өте бергенде өшіп қалыпты. Сол сәтте жүйткіген пойыз көлікке соғып, тас талқанын шығарған, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны