13.06.2013, 14:02 2811

Ақмола облысында полиция капитаны көлігінің ішінде өртеніп кеткен

Ақмола облысында жолдың бойында неден екендігі белгісіз, өз көлігінің ішінде полицияның 42 жастағы капитаны өртеніп кеткен.

Астана. 13-маусым. Kazakhstan Today - Ақмола облысында полиция капитаны көлігінің ішінде өртеніп кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақмола облысында жолдың бойында неден екендігі белгісіз, өз көлігінің ішінде полицияның 42 жастағы капитаны өртеніп кеткен.

"Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Ақан Қажкеновтың хабарлауынша, өткен сәрсенбіде кешке капитан жұмыстан үйіне қарай шыққан.

"Ол Аршалыдан 5 шақырым жерде Михайловка селосында тұрған, жолда денсаулығы сыр берген сияқты, қан қысымы жоғары болатын. Өтіп бара жатқан жүргізушілер көліктің жолдың шетінде тұрғанын көрген, капоттан ұшқынның шашып тұрғандығын көргенмен, ешкім тоқтамаған".

Оның айтуынша, полиция қызметкерінің қаза болуы фактісі бойынша комиссия жұмыс істеп жатыр, тексеру жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны