26.10.2009, 12:44 1471

Ақмола облысында "Тойота Ланд Крузер" көлігінің қатысуымен болған жол апатынан төрт жылқы қырылды

Ақмола облысында "Тойота Ланд Крузер" көлігінің қатысуымен болған жол апатынан төрт жылқы қырылды

Көкшетау. 26 қазан. Kazakhstan Today - Өткен сенбіде, 24 қазанда сағат 07.00-де Астана - Петропавловск тас жолында Зеренді ауданының Молодежное кентінен 10 шақырымда 23 жастағы Көкшетау тұрғыны айдаған "Тойота Ланд Крузер Прадо" көлігі соғу салдарынан төрт жылқы мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Зеренді АІІБ бастығы Ербол Шәріповқа сілтеме жасап.

"Жол апаты таңертең ерте, алагеуім сәтте болған, жылқылар жолдан өтіп бара жатқан. Жүргізуші жылдамдықты азайтып үлгермей, жылқыларды қағып өткен, төрт жылқы оқиға орнында қырылды", - деді Е. Шәріпов.

Оның айтуынша, оқиға орнына таяу жерде "малға арналған жарықты қоршау бар". "Қазір жүргізуші осы белгіні көрген-көрмегендігі анықталуда, көрген жағдайда ол тоқтауға тиіс болған", - деді АІІБ бастығы.

Оның айтуынша, "бұл дерек бойынша техникалық сараптама тағайындалды, ол көліктің жылдамдығын анықтайды; ал жүргізушінің айтуынша, ол жылдамдықты сағатына 100 шақырымнан асырмаған".

Е. Шәріповтың айтуынша, "малдарды соғу салдарынан көлікке ақау келген, ал жүргізуші зардап шеккен жоқ".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны