05.04.2010, 10:45 2742

Ақмола облысында тұрғын үйдің ауласындағы жерқоймадан үш ер адамның мәйіті табылды

Ақмола облысында тұрғын үйдің ауласындағы жерқоймадан үш ер адамның мәйіті табылды

Көкшетау. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Ақмола облысының Шортанды ауданы Гуляйполе ауылында 3 сәуір, сенбіде сағат 20 шамасында тұрғын үйдің ауласындағы жерқоймадан үш ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "сағат 23.55-те Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне Шортанды аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы міндетін атқарушы аға лейтенант А. Абишевтен хабар келді. Ол Гуляйполе ауылында аудандық электр станциясының 40 жастағы электригінің, "Аралтөбе" ЖШС-нің №4 бригадасының 38 жастағы есепшісі мен тағы да осы ЖШС-тің 26 жастағы механизаторының мәйіттері табылғанын хабарлаған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "жай көзбен қарағанда қаза тапқандардан дене жарақаты табылған жоқ. Мәйіттер Ақкөл қаласына сот-медициналық сараптама жүргізу үшін жіберілді". "Алдын-ала жорамал бойынша ер адамдар жерқоймада картоптың шіруі салдарынан газдан уланып қаза тапқан", - деп хабарладйы ТЖД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны