11.07.2006, 12:49 2988

Ақмола облысында ҰҚК қызметкерлері қылмыстық топтың екі мүшесін тұтқындады

АСТАНА. 11-шілде. Kazakhstan Today. ҰҚК-нің Ақмола облыстық департаментінің қызметкерлері ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп “Металлисты” деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топтың екі белсенді мүшесін тұтқындады.

ҚР ҰҚК-нің түсініктемесіне сәйкес, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері бір азаматтан 200 мың теңге бопсалағаны үшін ұсталған.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топтың тағы бес мүшесін қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде. Олар ұзақ уақыт бойы ақша бопсалаумен шұғылданып келген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны